Обама Америкадағы жікшілдік туралы ескерту жасады
Американың барлау қоғамының осы елдегі президенттік сайлауға Ресейдің араласуы туралы құпия мәліметі таратылғаннан кейін Барак Обама «Ресейліктер араласуды мақсат еткендіктен араласты» деді.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама "ABC" арнасына берген сұхбатында партиялық жікшілдікке байланысты Американың барлау негізінің теңселуі туралы ескерту жасап, партиялар арасындағы келіспеушіліктерге қатысты алаңдаушылық білдіріп: «Республикашылдар, мамандар немесе сарапшылар өздерінің америкалық әріптестеріне сенуден гөрі Ресей президенті Владимир Путинге көбірек сенеді, өйткені америкалық әріптестері демократиялық партиядан» деді.
АҚШ-тың қалаулы президенті Дональд Трамп осы елдің барлау агенттігінің демократтардың компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасалуы және Ресейдің президенттік сайлауға араласуы туралы сөздеріне күдікпен қарап, тіпті құпия мәселелерді біле тұра сайлау нәтижесіне ешбір киберлік шабуылдың әсері тиген жоқ деп қуаттап отыр.
Америкадағы президенттік сайлауға Ресейдің араласуы тақырыбы Трамп пен оның демократ бақталасы Хиллари Клинтонның сайлауалды күрестерінде көптеген жанжал тудырған мәселелердің бірі болған.