Қаң 15, 2017 21:43 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Иран ислам республикасы өткен бір жыл ішінде Америка мен өзге кейбір елдердің "Ортақ қадам" келісімін күшіне енгізуде уәдеде тұрмауы мен кідірісі және кейінге қалдыру мен өшпенділік саясатына тап болды» деді.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда "Ортақ қадам" келісімінің күшіне енгізілуінің алғашқы жылдығындағы ақпарат отырысында: «Америкалықтар мен еуропалықтар өткен бір жылдың ішінде "Ортақ қадам" келісімін күшіне енгізу бағытында қолдан келгенше кедергі жасады, алайда Иран осы кедергілерге тосқауыл қойып, оны ығыстыруға тырысты.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранның ядролық бағдарламасын заңды бағдарлама ретінде әлемге таныстырды. Осы ядролық бағдарлама өз бағытын жалғастырады. Осы негізде зерттеу және дамыту жұмыстары да атқарылып жатыр. Иран өнеркәсіптік уран байытуға жетеді. Иран өзге елдермен бейбіт ядролық ынтымақтастықтар жасап жатыр. Иранның энергия, мұнай, газ және мұнай- химия, транспорт және қаржы мен банк сияқты үш маңызды салалардағы санкциялары шешілген. Сонддықтан мұнайдан түсетін барлық табыстарды алуға болады.

Транспорт, кеме қатынасы, кемелерді қамсыздандыру және теңіз айлақтарына қолжетімділік саласындағы кедергілер мен банктік санкциялар негізіндегі қазіргі кейбір қиыншылықтардың "Ортақ қадам" келісіміне қатысы жоқ.

Америкада "Ортақ қадам" келісімінің келешегі туралы шешім қабылдау осы елдің келесі президентінің мойнында. Иранның Америкамен ядролық келіссөздері аяқталған. Иран Американың келесі үкіметімен "Ортақ қадам" келісімі  туралы саяси келіссөз өткізбейді» деді.

 

 

Тегтер