Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі: Иран Форду нысанына қатысты өзінің міндеттемелерін орындады
(last modified Tue, 17 Jan 2017 08:55:52 GMT )
Қаң 17, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі: Иран Форду нысанына қатысты өзінің міндеттемелерін орындады

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Иранның 2015-ші жылғы ядролық мәселеге қатысты келісімдердегі белгіленген жобаларын іске асырғанын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚХА дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, Форду нысанында орнатылған жүздеген центрифугаларын шығарғанын және осы уақытқа дейін ядролық мәселеге қатысты келісімдегі барлық міндеттемелерін орындағанын хабарлады.

Агенттіктің мәлімдемесі бойынша Форду нысынындағы центрифугалар мен басқа құралдарды Натанз нысанына ауыстыру  жұмыстары жоспарланған кесте бойынша іске асырылған.

Иран мен «алтылық» тобы арасындағы 2015-ші жылдың қаңтар айындағы ядролық мәселеге қатысты келісім 2016-шы жылдың 16-шы қаңтарынан бастап іске асырылған болатын.