Украинаның Радасында шетелдік әскерилердің енуіне рұқсат беретін заң жобасы бекітілді
(last modified Fri, 20 Jan 2017 16:26:21 GMT )
Қаң 20, 2017 22:26 Asia/Almaty
  • Украинаның Радасында шетелдік әскерилердің енуіне рұқсат беретін заң жобасы бекітілді

Украина Радасы заң жобасын бекіту арқылы шетелдік күштер мен олардың әскери жабдықтарының осы елге енуіне рұқсат берді.

Бейсенбі күні бекітілген осы заң жобасы бойынша шетелдік күштерге 2017 жылы Украинада жаттығу өткізуге рұқсат етіледі. Рададағы жалпы 329 депутаттан 236 депутат осы заңға оң дауыс берді. Заңды күшіне енгізу үшін Украина президенті оған қол қоюы тиіс.

Шетелдік күштердің Украинаға енуіне жол ашатын осы ел Радасының шешімі Украинаның батысшыл президенті Петр Порошенконың өтініші негізінде  талқыланды. Порошенко Украинаның Радасынан 2017 жылғы жаттығуларға қатысу мақсатында шетелдік күштердің осы елде болуына рұқсат беретін заң жобасын бекітуді сұраған еді. Осы заң жобасының мазмұны Америка мен  НАТО- ға мүше өзге елдердің әскери күштері мен бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасындағы мемлекеттерді қамтиды. Украинаның бұл қадамы Киевтің Ресейдің қауіпсіздік саласындағы қызыл сызықтарын елемей отырғанын көрсетеді. Украина дағдарысының орын алуы мен Ресей және НАТО әскери күштерінің Шығыс Еуропада бір-біріне қарсы сап түзеуінің, сонымен қатар Ресейдің Украинаның шығысына араласып, осы аймақтағы қарсыластарды қолдауының негізгі себептерінің бірі Украинаның НАТО шартына қосылуының алдын алу болып табылады. Ресейдің қауіпсіздік және саяси саладағы басшыларының көзқарасы бойынша шетелдік күштердің Ресей шекараларының маңындағы, әсіресе Шығыс Еуропамен іргелес шекаралардың жанындағы әскери құзыры Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қарсы төнген тікелей қауіп- қатер болып табылады. Сол себепті Ресей сыртқы саясатының жаңа доктринасының негізгі мазмұндарының бірі Батыстың, әсіресе НАТО-ның Шығыс Еуропадағы қауіп-қатеріне батыл тосқауыл қою болып табылады. Осы құжатта Америка мен оның НАТО- дағы одақтастарының Ресейден сақтандыру тәсілі мен оған қысым жасауы аймақтық және халықаралық тұрақтылыққа соққы келтіреді деп қуатталған. Мәскеу осы доктринада Вашингтонның НАТО-ның жетекшісі ретінде өзіне қысым жасауға талпынуын  қабылдамайтынын және Американың достыққа жатпайтын шараларына батыл жауап беруге құқылы екенін қуаттаған.

Қазір батыстықтардың, әсіресе америкалықтардың Украинадағы әскери құзырын едәуір ұлғайту туралы өз жобаларын іске асыруды көздеп отырғаны анықталған. Осы әрекет украиндық күштермен бірлесіп жаттығулар өткізу желеуімен Украинаға едәуір әскери күштері мен жабдықтарын аттандыру арқылы іске асырылады. Бұған қоса НАТО, әсіресе Америка жуықта танк пен сауытты көліктер сияқты едәуір әскери ауыр жабдықтарды Шығыс Еуропаға, әсіресе Польшаға жөнелткен, тіпті Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет НАТО-ның солтүстік қанатында орналасқан Норвегияға бірнеше жүз теңіз жаяу әскерін орналастырған. Украинаның соңғы қадамының Ресейдің әскери және саяси басшыларының көзінен таса қалмайтыны даусыз. Сондықтан Киевтің осы шарасына қатысты Мәскеудің реакциясын күту керек.