Трамп АҚШ-тың президенті болды
Дональд Трамп Америка құрама штаттарының президенті ретінде ант қабылдады.
CNN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Доналдь Трамп ант қабылдау рәсімінен кейін ресми түрде АҚШ президентінің орнына отырды. Трамп өткен қараша айында жанжалды президенттік сайлаудың нәтижесінде демократтардың өкілі Хиллари Клинтонды басып озып, АҚШ-тың қырық бесінші президенті болып сайланды.
Трамптың ант қабылдау рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама, Джордж Буш, Билл Клинтон, Джимми Картер мен АҚШ-тың басқа да бұрынғы президенттері қатысты. Джордж Герберт Уокер Буш сырқатына байланысты аталмыш рәсімше қатыса алмады.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ант қабылдау рәсімінде: «АҚШ халқының көпшілігі кедейшілікте өмір сүруде. Білім ордаларына жақсы қаражат бөлінуіне қарамастан, америкалық жастар есірткі заттарына бет бұрып, оқудан қол үзеді. Бүгіннен бастап бұл қиындықтардың барлығы аяқталады»,- деп мәлімдеді.
АҚШ-тың жаңа президенті елдің миллиардтаған долларларының әлемнің басқа аймақтарына, яғни басқа елдердің ішкі істеріне араласуы мақсатында жұмсалып жатқанын қателік деп баса айтып: «Миллиондаған америкалық жұмысшы өз құқықтарынан айрылған жағдайда миллиардтаған доллар Америкадан тыс жерлерде жұмсалып жатыр.
Америкалық саясаткерлер бүгінге дейін тек сөз сөйлеп келді. Алайда халық үшін ешқандай жұмыс атқармады»,- деп баса айтты.