Джабери Ансари: Астана отырысының мақсаты – Сирия дағдарысын шешу
(last modified Sat, 21 Jan 2017 15:12:41 GMT )
Қаң 21, 2017 21:12 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Астана отырысының мақсаты – Сирия дағдарысын шешу

Астана отырысындағы Иран делегациясының төрағасы осы отырысты өткізудің мақсатын Сириядағы атысты тоқтату үдерісін тұрақтандыру және осы елдің үкіметі мен оған қарсылас топтар арасында тұрақты бейбітшілік үшін шынайы сұхбаттасуларға алғышарт әзірлеу деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінде Иран делегациясының төрағалысы Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Джабери Ансари сенбі күні таңертең Алматы әуежайына келіп түскенде: «Біз осы келіссөздерге толық дайындықпен қатысамыз. Иранның өкілі ретінде ең басынан Сирия дағдарысының әскери шешім жолы жоқ екендігін, оны бейбіт  жолмен саяси келіссөз арқылы шешу керек деп мәлімдеген болатынбыз.

Сирия дағдарысының жалғасуының салдары қырғын мен қираудан өзге ештеңе емес» деді.

Иран делегациясы бүгін, сенбі күні Астана қаласына келген соң Ресей мен Түркия тарапынан Сирия бейбітшілік отырысына аттандырылған делегациялармен кеңесулерін бастайды.

Үш мемлекет арасындағы кеңесулердің мақсаты Астана саммитін табыстырақ өткізуге алғышарт әзірлеу болып табылады.

Астана отырысын Қазақстан үкіметі Ресей, Иран және Түркияның қадағалауымен қаңтар айының 23-24 күндері өткізеді.