Бакуде Каспий жұмыс тобының 48-ші отырысы басталды
(last modified Wed, 25 Jan 2017 12:00:09 GMT )
Қаң 25, 2017 18:00 Asia/Almaty
  • Бакуде Каспий жұмыс тобының 48-ші отырысы басталды

Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін реттеу жұмыс тобының 48-ші отырысы бүгін таңертең Бакуде өз жұмысын бастады.

Бұл отырыс 2017-ші жылы Астанада Каспий жағалауындағы мемлекеттер басшыларының 5-ші саммиті жоспарланған жағдайда өтуде. Осыған орай Каспий жағалауындағы елдер бұл теңіздің жаңа құқықтық мәртебесіне қатысты конвенцияны реттеп, шешілмеген мәселелерді шешуге талпыныс жасауда. Бұл тақырып балық өнеркәсібі, кеме қатынасы және теңіздің негізгі ресурстары орналасқан теңіз түбінің шекарасын анықтауға қатысты.

Каспий теңізінің әртүрлі мәселелеріне қатысты жағалауда орналасқан бес елдің басшыларының келісімәне қарамастан әлі де шешілмеген маңызды мәселелер бар. Сол себепті келіссөздер жүргізілуде.  Жағалау елдерінің басшылары конвенцияның реттелуі бес елдің мүддесіне сай болуы керектігін қуаттады. Каспий жағалауындағы үкіметтердің қайшылықтарын шешу және ортақ шешімге келу мүмкін емес тақырып саналмайды. Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін анықтау жолында бірнеше маңызды кедергі бар: бірінші кедергі 1998-2003-ші жылдар арасындағы Ресей мен Қазақстан және Әзірбайжан басшылары қол қойған екі-үшжақты   келісімдерге қатысты. Бұл келісімдер заңсыз және Каспий жағалауындағы мемлекеттердің бір шешімге келу дауыстарына күмән тудырады. Бұл үдеріс Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау келеіссөздерінің ұзаққа созылуына себеп болды. Мәселен, Әзірбайжан Каспий теңізінің негізгі үш мұнай кешенін «Azeri», «Chirag», «Kepez» деп атап, осы жерлерден мұнай шығарумен айналысуда. Түркіменстан болса бұл үш кешенді «Түркменбаши», «Осман» және «Сардар» деп атап,    Әзірбайжанның мұнай мен газ кешенін пайдалануына наразылық білдірді. Бұдан басқа Әзірбайжан-Ресей және Қазақстан- Ресей араларында да қайшылықтар бар. Бұл қайшылықтар Каспий теңізінің түбін бөлуге қатысты. Расында Каспий жағалауындағы кейбір мемлекеттердің теңіздің түбін көбірек өзіне алу талпыныстары оларды ресми отырыстардың сыртында құпия келісөздер жүргізуге итермелейді.