АҚШ – Еуропаға қарсы жаңа қоқан-лоққы
(last modified Wed, 01 Feb 2017 10:10:08 GMT )
Ақп 01, 2017 16:10 Asia/Almaty
  • АҚШ – Еуропаға қарсы жаңа қоқан-лоққы

Еуроодақ кеңесінің төрағасы АҚШ Президенті Дональд Трампты еуропалық блок үшін қоқан-лоққы деп атады.

Еуроодақ кеңесінің төрағасы Дональд Туск: «Қытайдың әсіресе теңіздерде күшінің артуы, Ресейдің Украина мен басқа шекаралас елдерге қатысты дұшпандық саясат жүргізуі, Таяу Шығыс пен Африкадағы соғыстар, лаңкестік пен тынышсыздықтар, сондай-ақ АҚШ-ның жаңа президентінің алаңдатушы уәждері біздің келешегімізді болжауға келмейтіндей етті»,- деді.

Еуропа басшылары осы уақытқа дейін Қытайдың, әсіресе Ресейдің күш-қуатының артуына алаңдаушылық білдіріп, Еуроодақ 2014-ші жылдан бері, яғни Ресей Қырымды өз жеріне қосып алғаннан кейінгі Украина дағдарысынан кейін Ресейге қарсы санкцияларын күшейтті. Алайда бүгін Еуроодақтың ресми басшылары бірінші рет Қытай мен Ресей және лаңкестікпен бірге АҚШ-ты қоқан-лоққы деп атады. АҚШ Президентінің сайлауға дейінгі және кейінгі Еуроодақ пен еуро валютасы жүретін аймақ, азат сауда және НАТО туралы сөздері еуропалық басшыларды шынайы алаңдатты.   

Еуроодақ қырғи-қабақ соғысынан осы кезге дейін АҚШ-тың ең жақсы әрі ең жақын одақтасы болды. Мұндай одақ НАТО келісімінің негіздері бойынша Ресейге қарсы бірге қарсыласу мен дүниежүзінің әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе Таяу Шығыстағы ортақ әрекеттеріне жеткізді. АҚШ пен Еуропа Сирия мен Ирак соғыстарында лаңкестерге қолдау көрсетіп, босқындардың Еуропаға ағылуы мен сол құрлықтағы лаңкестік әрекеттерге себеп болды.

АҚШ Президентінің өз елі мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарын жақсарту, НАТО-ның беделінің түсуі және бұл ұйымдағы Вашингтонның бюджетін азайту туралы сөздері Еуропаны «Мұндай болса, Ресейге қарсы ортақ бірлік өзгеріп, Ресейдің Еуропаға қарсы қоқан-лоққысы артады» деген ойға салып, алаңдатты.  Осыған орай кейбір еуропалық басшылар Ресей арасындағы қайшылықтарды шешіп, қарым-қатынастарын бірқалыпқа келтіру туралы айта бастады. Сондай-ақ басқа кейбір еуропалық басшылар АҚШ-қа тәуелді болмай, Еуроодақтың тәуелсіз қауіпсіздік қорғанысын құру туралы ұсыныс жасады.

Басқа жақтан Трамптың  Ұлыбританияның  Еуроодақтан шығу шешімі мен экстремистік ұлтшылдардың Трамптың мигранттарға қатысты саясатын қолдауы Еуроодақта АҚШ Президенті бұл одақты ыдыратуды немесе әлсіретуді қолдайды деген алаңдаушылық тудырды.  Әсіресе Трамптың халықаралық келісімдерден, соның ішінде азат сауда кеілсімінен шығып, азат сауда туралы әр мемлекетпен екіжақты келісімдерге қол қоюды қуаттауы да алаңдаушылықтарға себеп болуда. Трамптың пікірінше мұндай ұстаным АҚШ-тың экономикалық жағдайын жақсартып, бұл елде жұмыс орындарын ашады. Бірақ АҚШ экономикасының кең ауқымдылығы мен дүниежүзі экономикаларының бір-біріне қатыстылығына байланысты аталмыш іс-әрекеттердің бұл елдің одақтастарының, атап айтқанда еуропалық елдердің экономикасына теріс әсерін тигізетіні байқалады.                                                                                                                                                                                                                                      

 

                                                                                                                                                                                                                                         

 

Тегтер