АҚШ қайраткері: Әбу Омар әл-Шишани 4-ші наурызда Сирияда өлімге ұшырады
АҚШ қайраткерлерінің бірі ДАИШ басшысы Әбу Омар әл-Шишанидің 4-ші наурызда Сирияда өлімге ұшырағаны туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің «Рейтерс»-ке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, есімінің жария болмауын қаламаған АҚШ қайраткерлерінің бірі «ДАИШ»-тың танымал басшыларының бірі Әбу Омар әл-Шишани 4-ші наурыздағы әуе шабуылдарында Сирияда қаза болғанын мәлімдеген.
Ақпарат көздерінің көбі бұдан Әбу Омар әл-Шишанидің Ирактың солтүстігінде өлгені туралы хабарлаған болатын.
Өткен бірнеше айда да Шешенсатн Президенті Рамзан Кадыров ДАИШ лаңкестік тобының негізгі басшыларының бірі Әбу Омар әл-Шишанидің өлгенін хабарлаған болатын.
АҚШ бұдан бұрын америкалық кейбір қайраткерлердің айтуы бойынша ДАИШ-тің Соғыс министрі болған әл-Шишани туралы ақпарат берген адам үшін 5 миллиард доллар сыйақы белгілеген болатын.