Трамп АҚШ-ның елшілігін Құдсқа көшіргісі келеді
АҚШ-тың жанжалды Президенті сәрсенбі күні кешке Ақ үйде Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен өткізген ортақ баспасөз конференциясында АҚШ-ның елшілігін Құдсқа көшіргісі келетінін мәлімдеді.
Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп осы баспасөз конференциясында, сондай-ақ, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарына керісінше Иранмен ядролық келісімді осы күнге дейін өзі көрген ең нашар келісімдердің бірі деп атады.
АҚШ Президенті өз үкіметінің Иранға қарсы санкциялар салып, бұдан былай да көбірек шара қолданатынын айтып: «Бұл санкциялар Иранның еш уақытта ядролық қаруға қол жеткізбейтіндігіне сенімді болуы үшін қажет»,-деген уәж айтты.
Сионистік режимнің Премьер-министрі де осы баспасөз конференциясында АҚШ-тың Израильді қалтқысыз қолдауына алғыс айтып: «Біздің ел кейбір елдердің дұшпандық әрі әділетсіз қатынасының құрбаны болып отыр»,-деген уәж айтты. Нетаньяху, сондай-ақ, Иранға қарсы сөздерін жалғастырып, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын Израильдің қауіпсіздігіне қатер деп атады.
Дональд Трамп пен Нетаньяхудың бұл сөздері АҚХА, БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесінің есептерінде Иранның әрдайым «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты өзінің барлық міндеттемелерін орындағаны мойындалған жағдайда айтылып отыр.