Үндістанда парсы тілін тарату жөніндегі халықаралық форум басталды
(last modified Thu, 23 Feb 2017 16:57:58 GMT )
Ақп 23, 2017 22:57 Asia/Almaty
  • Үндістанда парсы тілін тарату жөніндегі халықаралық форум басталды

"Баспагер Нолкшурдің парсы тілі мен әдебиетін әлемге таратудағы рөлі" атты халықаралық форум Иран, Үндістан Бангладеш, Пәкістан, Ұлыбритания және Қазақстан елдерінен келген парсы тілі ұстаздарының қатысуымен Жаңа Дели университетінде басталды.

"Баспагер Нолкшурдің парсы тілі мен әдебиетін әлемге таратудағы рөлі" атты халықаралық форум Жаңа Делидегі Иран ислам республикасының мәдени орталығы, Жаңа Дели университеті, Иранның кітап үйі, Үндістанның зерттеу және парсы тілі қоры кеңсесі мен урду тілін тарату кеңесінің ынтымақтастығымен бүгін бейсенбі күні басталып, екі күн бойы Жаңа Дели университетінде өтеді. Форумды өткізудегі мақсат баспагер Нолкшурдің парсы тілін таратуда атқарған рөліне шолу жасап, оның кітаптарының тұсау кесу рәсімін өткізу болып табылады.

Үнділік баспагер Нолкшур 37 жыл бойы (1860-1895 ж.ж.) Үндістандағы Нолкшур баспаханасында парсы тілінде ең көп және бағалы кітаптарды жарыққа шығарды.

 

.