Бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың тәсілімен басып-жанышталуда
(last modified Sat, 25 Feb 2017 11:45:14 GMT )
Ақп 25, 2017 17:45 Asia/Almaty
  • Бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың тәсілімен басып-жанышталуда

АҚШ-ның бұқаралық ақпарат агенттіктері:" Ақ үй ешбір түсіндірусіз АҚШ үкіметі ақпарат хатшысының баспасөз отырысына кейбір тілшілердің қатысуына тыйым салды" деп хабарлады.

Осы хабарға сәйкес, Ақ үй CNN, BBC, Daily Mail, New York Times, Hill, Politic, BuzzFeed, Los Angeles Times, New York Daily News телеарналары мен ақпарат агенттіктері тілшілерінің Үкіметтің ақпарат хатшысының  баспасөз отырысына қатысуына тыйым салды. 

Ақ үйдің мұндай шешіміне наразылық ретінде Associated Press ақпарат агенттігі мен Time газеті АҚ үйдің баспасөз отырысына байкот жариялады.

АҚШ президенті Дональд Трамп билік басына келген сәттен бастап осы елдің кейбір телеарналары мен ақпарат агенттіктерін жалған ақпарат таратады деп айыптаған болатын. Ол бірнеше рет осы телеарналардың, әсіресе CNN-нің тілшілерімен сөзге келді.