Америкалықтар ДАИШ-тің лаңкестік амалдарда мүгедек жандарды теріс пайдаланатынын мойындады
(last modified Sun, 26 Feb 2017 02:23:38 GMT )
Ақп 26, 2017 08:23 Asia/Almaty
  • Америкалықтар ДАИШ-тің лаңкестік амалдарда мүгедек жандарды теріс пайдаланатынын мойындады

Бір америкалық генерал: «ДАИШ лаңкестік тобы лаңкестік амалдар үшін балалар мен мүгедектерді Ирактағы жарылғыш көліктердің жүргізушісі ретінде қолданады» деп мойындады.

Brasa News торабының мәліметі бойынша, америкалық генерал Мэтт Айслер Американың Қорғаныс министрі Джеймс Маттиспен бірге тілшілерге берген сұхбатында: «ДАИШ тобы ерікті кісілердің болмауына байланысты балалар мен кемтар адамдарды жарылғыш заттар тиелген жүк көліктердің жүргізушісі ретінде ирактық күштердің арасында өздерін жарып жіберуге пайдаланады» деді.

Америкалық генерал ДАИШ тобындағы адами күш тапшылығын олардың жеңілісі деп атап: «Жарылғыш заттар орнатылған жүк көліктері мен жеңіл көліктер ДАИШ тобының Сирия мен Ауғанстандағы ең маңызды қаруы болып табылады» деді.

Айслердің айтуынша, кейбір жүргізушілер жарылғыш заттар орнатылған көліктерге шынжырмен таңылады немесе осындай көліктердің кейбір жүргізушілері, тіпті жүре алмайтын немесе қозғала алмайтын балалар  болады.

Сонымен қатар Ирактағы Нейнава облысын азат ету қимылдарының қолбасшысы, дивизия генералы Абдоламир Йаролла да: «ДАИШ лаңкестік тобы балалар мен мүгедек жандарды жарылғыш белбеулер таңуға мәжбүрлеу арқылы оларды Мосулдегі ирактық бірлескен күштерге шабуыл жасау үшін пайдаланады» деді

 

 

Тегтер