Ақп 27, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Стаффан де Мистура «Женева-4» келіссөздерінің толық жеңілісінің алдын алу үшін  жаңа жоба ұсынды

Белгілер мен куәлер Сирияға қатысты «Женева-4» келіссөздерінің жеңіліске ұшырағанын көрсетіп отырған жағдайда БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура сириялық делегация мен қарсыластарға жаңа жоба ұсынды.

«Женева-4» келіссөздерінің төртінші күні де ешбір ілгерілеушіліксіз аяқталды.  БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура бұл келіссөздерді жаңа жоба арқылы жеңілістен сақтауға талпыныс жасап жатыр. Стаффан де Мистураның Дамаск делегациясы мен қарсыластарға ұсынған жаңа жобасында елді басқару, Конституция мен сайлау жөнінде жұмыс топтарын құру туралы айтылған. Де Мистура бұл жобада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарының келіссөздердің негізі екендігін және өзінің келіссөздерге тікелей қатысуға дайындығын баса айтты.

«Женева-4» келіссөздері бірнеше рет кешеуілдеткен соң 23 қаңтарда басталды. Алайда бұл келіссөздер де оның алдындағы үш кезеңдегідей түбегейлі қиындықтарға ұшырап отыр. Ең маңызды қиындықтардың бірі –  сириялық делегация мен қарсыластардың  жоғары деңгейде бір-біріне сенімсіздігі. Стаффан де Мистураның үш жұмыс тобын құруды ұсынудағы мақсаттарының бірі тараптардың арасындағы осы сенімсіздік деңгейін төмендету болып отыр.

«Женева-4» келіссөздерінің осы күнге дейін ілгерілемегеуінің келесі бір себебі Сирия жүйесіне қарсы топтар арасындағы айқын қайшылықтарға қатысты. Кейбір топтар Сирия үкіметімен тікелей келіссөздер өткізуді қалап отырған шақта басқа бір топтардың бүлдіргі әрекеті қарсыластардың Сирия үкіметімен тікелей келіссөздер жүргізетін топ құра алмауына себеп болды. Сондықтан Стаффан де Мистура үш жұмыс тобын құруды ұсынып,  қарсыластар мен Сирия жүйесі арасында алғашқы тікелей келіссөздер өткізуді мақсат тұтып отыр. Алайда Стаффан де Мистураның үш жұмыс тобын құру ұсынысы Сирия дағдарысын шешу үшін саяси жолды табуға септігін тигізе ала ма? Кейбір тақырыптар, соның ішінде қарсыластар арасындағы көптеген қайшылықтар, АҚШ-тың жаңа үкіметінің Сирияға қатысты стратегиясының көмескілігін, сондай-ақ Түркия мен Сауд Арабиясының көптеген астыртын бүлдіргі әрекеттері жақын болашақта Сирия дағдарысы үшін саяси жол табылатынын күтуге болмайтынын көрсетеді.  

Сирия дағдарысы бір ел деңгейінде ғана емес, тіпті аймақтық  және әлемдік деңгейде де көптеген күрделі қиындықтарға ұшырап отыр. Осы күрделіліктің ең басты себебі мынада: аймақтық  деңгейдегі Түркия мен Сауд Арабиясы сияқты ойыншылар, әлемдік деңгейдегі АҚШ, сондай-ақ, ел ішінде «ән-Носрат» пен ДАИШ сияқты топтар Сирия дағдарысына адамгершілік тұрғысынан қарамайды. Олардың көзқарасы үстемдік етуге бағытталған. Мұндай көзқарастың басты мақсаты Башар Асад немесе оған идеологиялық тұрғыдан жақын адамдардың қатысуынсыз өздеріне жақтас саяси жүйе құру болып отыр. «Женева-4» келіссөздері Сирия жүйесіне қарсы шетелдер арасында бұл елдің дағдарысын доғаруға бағытталатын байсалды ерік-жігердің қалыптаспағанын тағы көрсетті.

 

 

Тегтер