Қар 22, 2020 23:43 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Иранға алғыс айтты

Аймақ пен әлем коронавируспен күресіп жатқан шақта Иранның аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған дипломатиялық талпыныстары жалғасып жатыр.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі көмекшісі Әлиасқар Хаджи мен БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен сенбі күні Теһранда Сириядағы соңғы өзгерістер мен елде конституциялық комитеттің отырыстарын жалғастыру туралы сұхбаттасты.

Кеңестерді жалғастыру үшін Мәскеуден Теһранға келген Педерсен Иранның Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үдерісін қолдаудағы талпыныстарына алғыс айтып, Иран жағына Сирияның конституциялық комитетімен келесі отырысты өткізу мерзімі мен күн тәртібі туралы үйлестіру жұмыстарының нәтижесін баяндады. Осындай кеңестер жалғасып жатқан шақта АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аймаққа іссапармен барып, іріткі салып, дағдарыс тудыруды көздеді. Өткенге көз салу АҚШ-тың Сирияны лаңкестік топтар әрекет ететін қауіпті ошақтардың біріне айналдырғанын көрсетеді. Осы қатерлі жағдаймен күресте Иран, Ресей мен Түркияның «Астана үдерісі» аясындағы саяси бастамасы мен бірауыздылығы АҚШ-тың Сирияны бөлшектеуге бағытталған саясатын жеңіліске ұшыратты.

Астана үдерісінің ең маңызды жетістігі Сирия дағдарысын шешуді жергіліктендіру болды. Бұл жетістіктің маңыздылығын екі тұрғыдан көруге болады:  

Біріншісі – бірлескен саяси-қауіпсіздік шаралары негізінде регионализмді сақтау.

Екіншісі – Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауды баса айту.

Бұл мәселелер Сирияның дағдарысын шешуде айрықша маңызды. Сириядағы өзгеріс қазір соғыс кезеңінен саяси жолмен шешу кезеңіне аяқ басты. Конституция аясында елде тұрақтылық орнай алады. Осы саладағы тағы бір маңызды тақырып – Сирия босқындары мәселесіне көңіл аудару. Қазіргі қиын жағдайда мұны елеусіз қалдыруға болмайды.  

Тегтер