Ердоған: Германия лаңкестікті қолдап отыр
(last modified Sat, 04 Mar 2017 07:47:42 GMT )
Нау 04, 2017 13:47 Asia/Almaty
  • Ердоған: Германия лаңкестікті қолдап отыр

Түркия президенті Германия басшыларымен сөзге келіп, Берлинді лаңкестерге пана беріп, оларға көмек көрсетумен айыптады.

Alalam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германия басшыларының Түркия Конститутциясына өзгерістер енгізу туралы осы елде жоспарланған үгіт-насихаттық үш отырысты болдырмағаннан кейін Режеп Тайып Ердоған жұма күні өзінің өткір мәлімдемелерін жариялаған.

Ердоғанның билігін күшейтуге негіз болатын Түркия Конститутциясына өзгерістер  енгізу осы жылдың сәуір айының он алтысы күні өтетін референдумда дауысқа салынады.

Берлин мен Анкара арасындағы кикілжің Түркияда шілде айының он бесі күні  болған сәтсіз төңкерістен кейін басталып, Германияның Die Welt газетінің германиялық-түркиялық тілшісі Дениз Юджилдың "лаңкесткті насихаттау" айыбымен құрықталуынан кейін күшейе түсті.

Ердоған жұма күнгі мәлімдемесінде Юджилды Күрдістан жұмысшылар партиясының өкілі және Германияның тыңшысы деп атады.

Юджилдың құрықтауын сынға алған Германия канцлері Ангела Меркель жұма күні Түркияда сөз бостандығын бұзушылыққа байланысты сөз сөйледі.

 

Тегтер