АҚШ конгресмені "Ортақ қадам" келісімінің күшін жоюға қатысты Трампқа ескерту жасады
АҚШ Конгресінің демократ депутаты осы елдің президентіне "Ортақ қадам" келісімін бұзу жөніндегі сайлау алдында берген уәдесінің салдарларын ескертті.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Американың Иллино́йс штатының демократ депутаты Билл Фостер жұма күні осы елдің президенті Дональд Трамптың Иран мен "алтылық" елдерінің ядролық келісіміне қарсы тұрғы ұстануы жөнінде ескертіп, Ақ Үйге жазған хатында: «"Ортақ қадам" келісімінің күшін жою Америка үшін зиянды болады» деп жазды.
АҚШ Өкілдер палатасының осы мүшесі сөзінің жалғасында: «Иран қазірге дейін "Ортақ қадам" келісіміне қатысты өз міндеттемелеріне берік болды» деді.
Фостердің хатына 60 демократ қол қойды.
"CNN" хабар арнасы да өз мәліметінде: «Сионистік режимнің әскери қолбасшылары Иранға қарсы әскери қимылда жеңіске жетуге шамасы жоқтығына көзі жеткендіктен, АҚШ президенті Дональд Трамп бұдан былай Иранмен ядролық келісімнің күшін жоюды немесе тіпті оны қайтадан қарауды ойламайды» деп мәлімдеді.