Ресейге қарсы салынған санкциялар күшінде қалады
Нау 09, 2017 20:57 Asia/Almaty
Франция Сыртқы істер министрі Украина мәселесінде ілгерілеушілік болмаса, Ресейге қарсы санкциялардың күшінің жойылмайтынын айтты.
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро Ресейден Украинаның шығысындағы қатыгездіктерді доғару үшін өзінің жікшілдерге ықпалын пайдалануды сұрады. Франция мен Германияның арағайындығымен 2015 жылы қол жеткізілген бейбіт келісімге қарамастан Украинаның шығысындағы қақтығыстар жалғасуда. Еуропа Одағы Мәскеу Украинаның шығысындағы жікшілдерге қолдау көрсетіп отыр деп, Ресейге санкция салып отыр.
Тегтер