Иран Мәскеудегі халықаралық туризм көрмесіне қатысып отыр
Мәскеудегі 24-ші халықаралық туризм көрмесіндегі Иран павильондары Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі әрі Иран мен Ресей экономикалық бірлескен комиссиясы төрағасының қатысуымен жұмысын бастады.
Халықаралық көрмеге Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының ынтымақтастығымен Иранның төрт туристік фирмасы қатысуда.
Аталмыш көрме әлемнің 180 елінен 1800- ден астам туристік фирманың қатысуымен бүгін сейсенбі күні Мәскеу көрмелерінің халықаралық орталығында өтуде.
Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі әрі Иран мен Ресейдің экономикалық бірлескен комиссиясының төрағасы Махмуд Ваэзи Иран павильондарының ашылу рәсімінде Иран Телерадио ұйымының ақпарат агенттігіне берген сұхбатта: «Саяхатшы тарту негізіндегі жекеменшік белсенді фирмаларға қолдау көрсету Иран мен Ресейдің басты бағдарларына жатады» деді.
Иран президенті Хасан Руханидің Ресейге сапарын жоспарлау үшін Мәскеуге сапар шеккен Ваэзи: «Иран мен Ресей президенттерінің кездесуінде оннан астам маңызды да стратегиялық құжатқа қол қойылады. Солардың бірі туристік жеңілдіктер және екі ел азаматтарының ұжымдық сапарлары визасының күшін жою болып табылады» деді.