Еуропалық басшылар Түркия Президентіне қарсы ұстаным білдірді
Нидерланды Премьер-министрі мен Германия басшылары Түркия Президентінің ұстанымдарын сынады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Нидерланды Премьер-министрі Марк Рютте сейсенбі күні Түркия Президентінің мұсылмандардың Сребреница қырғыны туралы сөздерін тарихты әшкере түрде бұрмалау деп атады.
Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған нидерландық әскерилер 1995-ші жылы мұсылмандарды қыруға қатысты деген болатын.
Нидерланды Премьер-министрі: «Эрдоғанның «Сребреницада серб әскерилерінің қолынан 8000-нан артық мұсылман қырылды» деген сөзі шындыққа жанаспайды»,- деді. Германия Ішкі істер министрі де Түркияның германиялық басшыларға қарсы айыптарын сынап, Түркияның ішкі саяси қайшылықтарын Германиямен байланыстыруына наразылық білдірді. Түркия басшыларының сөздері еуропалық әртүрлі елдерде теріс реакцияларға тап болды.
Германия, Австрия, Швейцария және Швеция басшылары Түркия басшыларына митингтер өткізіп, сөз сөйлеуге рұқсат бермейтіндіктерін жариялады. Оппозицияның пікірі бойынша, Эрдоған Түркияны диктатураға қарай жетелеп келеді.