Лавров: Ресей Түркия мен Армения арасындағы келіссөздерді ілгерілетуге әзір
(last modified Thu, 16 Mar 2017 15:19:02 GMT )
Нау 16, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей Түркия мен Армения арасындағы келіссөздерді ілгерілетуге әзір

Ресей СІМ елінің Түркия мен Армения арасындағы келіссөздерді ілгерілетуге көмектесуге әзірлігін хабарлады.

Ресей Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавров Мәскеудің Армения мен Түркия келіссөздерін ілгерілету үшін  көмектесуге әзірлігін мәлімдеп:  "Анкара мен Ереванның байланыстарын нығайту үдерісі қазіргі жағдайда тоқтап тұр. Алайда,  Армения мен Түркия бұл мәселелерін шеше алады" деді. Армения мен Түркияның саяси байланыстары Армения 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері үзіліп, екі елдің құрлық шекарасы бір-бірі үшін жабылған. Армения мен Түркияның ең маңызды алауыздықтары 1915 жылы Осман империясы арқылы армяндарға геноцидтің жасалу тақырыбы және оның Түркия тарапынан ресми түрде  танылмауына байланысты.