Нау 18, 2017 16:29 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Мәскеудегі елшісі РФ СІМ-не шақыртылды

Сионистік режимнің Мәскеудегі елшісі осы режимнің қырғи ұшақтарының Сирияға шабуыл жасауына қатысты Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, РФ СІМ жұма күнгі мәлімдемесінде: "РФ Сыртқы істер министрі Михаил Богдановтың өтінішімен сионистік режимнің Мәскеудегі елшісі Гарри Корен осы елдің СІМ-не шақыртылып, бұл режимнің қырғи ұшақтарының Сирияға жасаған шабуылдарына қатысты Израильге наразылық білдірді»,- деді.

Сирия Армиясы және қарулы күштерінің бас қолбасшысы: "Сионистік режимнің төрт қырғи ұшағы жұма күні таңертең Сирияның әуе кеңістігін бұзып, Хомстың шығысында орналасқан әскери орталықтарының бірін нысанаға алды",- деп мәлімдеді.

Осы хабарламаға сәйкес, Израиль әскерінің бір қырғи ұшағы Сирия әскерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны тарапынан құлатылды.

 

 

Тегтер