Сауд Арабиясы Бразилияда жасалған кассеталық бомбаларды пайдаланды
Нау 18, 2017 22:31 Asia/Almaty
Адам құқығын бақылау ұйымындағы қару бөлімінің директоры Стивен Гуз Арабстан мен одақтастарының 2017 жылдың ақпан айының соңында Йеменнің солтүстігінде Бразилияда шығарылған кассеталық бомбаларды пайдаланғанын мәлімдеп:
«Арабстан мен одақтастары және кассеталық бомбаларды шығаратын Бразилия неғұрлым тезірек кассеталық қару-жараққа тыйым салатын конвенцияға қол қоюы керек. Кассеталық оқтар атылған соң кең деңгейде таралып, олардың көбісі жарылмай, жарылуға дайын миналарға айналады. Тіпті соғыс аяқталған соң да олар адамдардың жанына қатер төндіретін болады» деді.
Тегтер