Германия Сыртқы істер министрі Режеп Тайып Ердоғанға ескерту жасады
(last modified Mon, 20 Mar 2017 08:40:32 GMT )
Нау 20, 2017 14:40 Asia/Almaty
  • Германия Сыртқы істер министрі Режеп Тайып Ердоғанға ескерту жасады

Германия Сыртқы істер министрі Түркия президентінің Германия канцлеріне қарсы айтылған уәждерін сынға алып, оған ескерту жасады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль жексенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Германия канцлері Ангела Меркельге қарсы айтқан уәждеріне реакция білдіріп: "Режеп Тайып Ердоған сөзіне абай болып, өзінің шегін білсін",- деп, Ердоғанға «қызыл сызықтардан» асып кетпеуге кеңес берді.

Түркия президенті сенбі күні Стамбулда айтқан сөзінде Германия канцлері Ангела Меркельді нацистік тәсілдерді пайдаланады деп айыптаған болатын.

Германия мен Нидерланды үкіметтері Еуропада өмір сүретін түрік азаматтарының Түркия Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты референдум жайлы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салғаннан кейін Анкара және Берлин мен Амстердам арасындағы текетірес арта түсті.

 

Тегтер