БҰҰ Ираннан Йеменге қару-жарақ жіберілгені туралы уәждерді теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i25660
АҚШ пен аймақтың кейбір араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы ИИР-ын №2231 қарарды бұзып, Йеменге қару жарақ жіберді деп айыптаған жағдайда БҰҰ-ның баяндамашылары Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Тоқтатылған кемелерде Ираннан алған қару-жарақтың немесе Иранға тиесілі қару жарақтардың болғанын білдіретін ешбір белгі жоқ», деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2017 17:12 Asia/Almaty
  • БҰҰ Ираннан Йеменге қару-жарақ жіберілгені туралы уәждерді теріске шығарды

АҚШ пен аймақтың кейбір араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы ИИР-ын №2231 қарарды бұзып, Йеменге қару жарақ жіберді деп айыптаған жағдайда БҰҰ-ның баяндамашылары Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Тоқтатылған кемелерде Ираннан алған қару-жарақтың немесе Иранға тиесілі қару жарақтардың болғанын білдіретін ешбір белгі жоқ», деп мәлімдеді.

Йеменге қару‑жарақ апара жатқан ирандық кемелердің тоқтатылғаны туралы хабарлардың таралуы арагідік аймақтық ақпарат агенттіктер мен баспасөз беттеріне шығып тұратын сюжеттердің бірі болып табылады. Бұл хабарлар ИИР‑ның Йеменнің ішкі ісіне араласатыны туралы уәждерді растауға сылтау табу үшін қажет. Алайда бұл айып ешқашан расталмады. Енді БҰҰ мамандары да Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ешқандай қару‑жарақтың Ираннан йемендік топтарға жіберілмегенін мойындады. 

Осы айыптаулардың мақсаты саудиялықтардың экспансиялық саясаты мен Йеменнің жазықсыз халқын күн сайын, кейде тіпті тыйым салынған қару‑жарақтармен қырып‑жойып жатқанын ақтау үшін  Иранның Йемен мен аймақтағы құзырында қатер бар деп әсірелеп көрсету болып табылады. Бұл уәж, шын мәнінде, Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания елдері тарапынан айтылып отыр. Негізі, осы елдердің өздері Йеменге қару‑жарақ жіберіп,  соғыс отын өршітуде. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары 2015 жылдың 26 наурызынан бастап Йеменнің отставкаға кетіп, қашып жүрген президентін билікке қайтару сылтауымен және өзінің Йеменге үстемдігін жалғастыру мақсатында осы елге шабуыл жасай бастады. Алайда мынадай сауал туындайды: хусилер сырттан қару‑жарақ алуды қажет ете ме?

«Әл‑Джазира» ақпарат арнасы осыдан бұрын Йемендегі қару‑жарақтың жағдайы жайлы мәлімет жариялады. Бұл мәліметте қару‑жарақтың осы ел халқының мәдениетіндегі орны жақсы көрсетілген. Мәліметте айтылғандай, Йеменде 20‑дан астам қару‑жарақ  базары бар. Онда жеңіл, орташа және тіпті ауыр қару‑жарақ саудаланады. Жергілікті және халықаралық зерттеулер де Йеменде 50 млн‑нан астам қару‑жарақтың халықтың қолында екенін көрсетеді. Осы мәліметтер Йеменде қару‑жарақ саудасының еркін жүргізілетінін растайды. Кейбір бай тайпалар танк пен зымыран сияқты ауыр қаруларды сатып алып, оларды өз билігін арттыру үшін қолданады. Бүгінде Йемен ашық түрде басқыншылыққа ұшырап отыр. Йеменді басып алу немесе бұл елдің кейбір бөліктерін, соның ішінде даулы жерлерді Сауд Арабиясының территориясына қосып алу эр‑Риядтың күн тәртібіне қойылған. Сауд Арабиясының бір телеарнасы осыдан бұрын бір карта жариялады. Онда Йеменнің басып алынған аймақтары Сауд Арабиясының бір бөлігі ретінде көрсетілген. Саудиялықтар өз шабуылдарында мектептер, ауруханалар, тұрғын аудандар, күре жолдар, базарлар, босқындардың қосындарын үсті‑үстіне бомбалады. Шабуылдар барысында осы күнге дейін 11 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың көбісі бейбіт тұрғындар еді.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастары бір коалицияға бірігіп, Газа секторындағыдай қоршауды Йеменге таңып, оны жойылу алдына дейін апарды. Сонымен қоймай, олар Иранды Йеменге қаржылай және қару‑жарақпен көмектеседі деп айыптайды. Енді БҰҰ‑ның есебі бұл уәждердің негізсіз екенін дәлелдеп берді. Алайда бұл есеп Иранға қарсы жалған айыптар жобалайтын адамдар үшін жақсы жаңалық емес. Енді олардың осыған қатысты реакциясын күту қажет. Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының БҰҰ‑да осы есепті дайындағандарға өкпелейтіндігі анық. 

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бір хабардар дереккөзі Сауд Арабиясының  осы есепке қатты наразы екенін, сондықтан бұл құжаттың Қауіпсіздік кеңесінің атынан жарияланбауына бар күшін салатынын айтты.