АҚШ-тың Сирияға шабуылындағы өтірігіне қатысты жаңа мәліметтер жария болды
(last modified Mon, 17 Apr 2017 10:33:05 GMT )
Сәу 17, 2017 16:33 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сирияға шабуылындағы өтірігіне қатысты жаңа мәліметтер жария болды

АҚШ-тың Сирия әскерінің Идлиб облысында химиялық қару қолданды деген сылтаумен осы елдегі Шейрат әуе базасына жасаған зымырандық шабуылдан он күн өткеннен кейін, америкалықтардың бұл уәждерінің өтірік болғанын дәлелдейтін жаңа мәліметтер жария болды.

Anti War интернет сайтындағы хабарламаға сәйкес, Американың бұрынғы бір лауазымды тұлғасы Truthout басылымына берген сұхбатында Сирия әскерінің Хан-Шейхундағы қару қоймасына әуе шабуылын жасардың алдында жиырма төрт сағат бұрын орыстардың АҚШ-қа хабар бергенін айтты. Нақты деректерді қамтитын жарияланған хабарлама лаңкестердің қолындағы химиялық қарулар қоймасының нысанаға алынғанын және Сирия әскерінің химиялық қаруды пайдаланбағанын көрсетеді.
АҚШ-тың Сирияның әуе базасына шабуылынан саяси және үгіт-насихаттық түрде пайдалануы лаңкестерге қолдау көрсету мен Сирия үкіметін биліктен құлатуда Сирияға әскери араласушылық мақсатындағы америкалық-ұлыбританиялық жоспар екендігін көрсетеді. Ұлыбританиялық The Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, бұл елдің премьер-министрі Сирия жерінен ресейлік күштерін шығарып тастауға бағытталған америкалық-ұлыбританиялық жоспарды басқаруды өз қолына алуды көздеп отыр. Бұл екі ел ресейлік күштерді елден шығару арқылы Башар Асадқа қолдау көрсетуді доғаруы үшін Владимир Путинге қысым көрсетпек. Ұлыбритания СІМ Борис Джонсон The Sunday Telegraph басылымындағы мақаласында былай деп жазған: "Мәскеу ақылға қонымды бір ымыраға келіп, Сирияның президенті Башар Асдаты қолдауын доғарып, Сириядағы АҚШ пен Батыс елдерінің коалициясына қосылуы тиіс".
2003 жылы АҚШ-тың Иракқа шабуылы кезінде де ол жаппай қыру қаруларын сылтауратқан болатын. Бірақ бұл шабуылдан кейін де бірде-бір жаппай қыру қаруы табылған жоқ. 
Сирия Ирак емес. Сирияның әскері мен халқы алты жыл бойы лаңкестік топтардың демеушілері аймақтық және аймақтан тыс үкіметтердің дағдарыс тудыруымен күресіп келеді. Сирия әскері соңғы бірнеше ай аралығында лаңкестік топтармен күресте көптеген жетістіктерге жетті. Олардың ең үлкен жеңісі Сирияның Дамасктен кейінгі ең ірі қаласы Алеппоны лаңкестерден азат етуі болды. Саяси сахнадағы бұл жеңіс Асадқа қарсы оппозициялық топтарға қатты кысым жасады. Сол себепті олар Сирия әскері мен халықтық ерікті күштердің жетістіктеріне қарсы тұру үшін шок пен үмітті қажет етті.
 
АҚШ-тың Шейрат әуе базасына зымырандық шабуыл жасауы оларға дәл сол шок болып, үміт берді. АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуыл жасауын қолдаған алғашқы мемлекеттер Түркия, Сауд Арабиясы секілді аймақтық елдер мен Сириядағы лаңкестік топтардың демеушілері болып табылатын аймақтан тыс елдер болды.
Алайда, Сирия үкіметі мен Сирия халқын қолдаушы үкіметтер АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының қоқан-лоққыларының алдында ешбір жағдайда артқа шегінбейді. Ресей Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко: "АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуылы халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу және бір тәуелсіз мемлекетке қарсы басқыншылық әрекет.
Батыстың жаппай қыру қарулары бар деген сылтаумен Иракқа шабуыл жасауы да осындай әрекетке айқын мысал бола алады.
Біз мұның нәтижесінің қандай боларын білдік. Сол үшін бұрын болған жағдайдың Сирияда қайталануын қаламаймыз. Біз Ирактағы болған жағдайдағы ұқсас себептер мен сылтау арқылы басқа тәуелсіз елдерге шабуылдың жасалғанын қаламаймыз",- деді.