Америка лаңкестерді қолдаумен өзінің экспансистік мақсаттарына жете алмайды
Иран ислам республикасының Қорғаныс министрі: «Иран Америка мен үстем жүйеден қорқатын елдердің кез-келген қоқан-лоққысына шынайы тосқауыл қояды» деді.
Иранның Қорғаныс министрі сардар Деһқан Мәскеуде халықаралық қауіпсіздік жөніндегі алтыншы саммиттің ашылуында жасаған баяндамада: «Ұлттардың өз тағдырын белгілеу құқығы, ұлттық егенмендікті құрметтеу және өзге елдердің ішкі ісіне араласпау мәселесіне Батыстың, әсіресе Американың заңсыз шаралары арқылы қауіп төніп отыр. АҚШ-тың жаңа президентінің сөзі, ісі және шешімдерінде жауапкершілікті сезінбеуінің салдарынан әлемдік қауіпсіздікке қауіп төніп отыр. Сондай-ақ Вашингтон, Израиль режимі, Ұлыбритания және Сауд Арабиясының лаңкестік топтарға қолдау көрсетуінің жалғасуы өрістеп отыр» деді.
Иранның Қорғаныс министрі әлемдегі бейкүнә адамдардың өліміне қатысты халықаралық құқықтық органдардың екіұшты стандарт ұстануы мен үнсіздігіне сілтеме жасап: «Әлем лаңкестермен үзілді-кесілді күресу және лаңкестік ағымдардың пайда болуы мен өсуінің факторларын жою үшін шынайы талап- жігерді қажет етеді» деді.
Мәскеудегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық отырыс сәрсенбі күні басталды. Сирия мен Йемендегі тәкфирлік ағым мен лаңкестікке және оның аймаққа қанат жаюына шолу жасау, сондай- ақ Таяу Шығыс пен әлемдегі жаңа өзгерістер Мәскеу халықаралық отырысының өзекті тақырыптарына жатады.