Әзірбайжан республикасы Қарабақ қайшылығын шешу үшін келіссөздер жүргізуге дайын
(last modified Thu, 27 Apr 2017 08:42:51 GMT )
Сәу 27, 2017 14:42 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы Қарабақ қайшылығын шешу үшін келіссөздер жүргізуге дайын

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі: «Жаңа кеңістікте тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Армениямен келіссөздерімізді жалғастыра аламыз»,-деді.

Эльмар Мамедъяров Ресей, Әзірбайжан республикасы мен Армения Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін үшжақты кездесуі қарсаңында «Тренд» ақпарат агенттігінің орыс бөліміне берген сұхбатында: «Осы үш ел Сыртқы істер министрлерінің Санкт-Петербург қаласында өткен соңғы отырысында Қарабақ қайшылығын шешуге бағытталған түбегейлі келіссөз болды. Бұл келіссөздер шын мәнінде Әзірбайжан республикасы  территориясының бір бөлігін басып алудан туындаған қазіргі жағдайды өзгеруді қамтыды»,-деді.

Эльмар Мамедъяров Арменияны текетіресті өршітеді, өз міндеттемелерін орындаудан жалтарады және Қарабақ қайшылығына қатысты қазіргі жағдайды сақтап қалуға тырысады деп айыптап, қос жақтың талпынысымен келіссөздер қайта басталған соң екі ел қайшылықтарының шешілетіндігіне үміт білдірді.

Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы қайшылық 1988 жылы басталып, 1992 жылы әскери қақтығысқа айналды.