АҚШ-тың аймақтағы қоқан-лоққылары мен авантюристік шаралары
(last modified Thu, 27 Apr 2017 09:13:44 GMT )
Сәу 27, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың аймақтағы қоқан-лоққылары мен авантюристік шаралары

Мәскеудегі халықаралық қауіпсіздік отырысы сәрсенбі күні шамамен 80 ел делегацияларының қатысуымен Қорғаныс министрлері, Қарулы күштер бас штабының басшылары және жоғары дәрежелі әскери қолбасшылар деңгейінде өтті.

Иранның Қорғаныс министрі Мәскеу отырысына Иран мен Ресейдің лаңкестерге қарсы ортақ стратегия дайындап, лаңкестікпен күрес Иран мен Ресей әріптестігінің  басты бағдары болып отырған жағдайда қатысты. Екі ел бірлесе отырып, үйлескен шаралар атқару арқылы лаңкестіктің аймақта таралуына тосқауыл қоя алды. Сардар Деһқан да осы әріптестікті жалғастыру қажеттігін қуаттап, Мәскеуде тілшілерге берген сұхбатында: «Бұл аяда Таяу Шығыс  пен әлемнің басқа жерлерінде қалыптасқан жаңа өзгерістер мен киберлік кеңістік Мәскеудегі қауіпсіздік отырысында талқыланатын болады»,-деді.

Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер үдерісіне жасалған шолу АҚШ-тың кейбір аймақтық елдердің әріптестігімен сионистік режимге жақтаса отырып, аймақты тынышсыздандыру жобасын жасағанын көрсетеді. Алайда, аймақта лаңкестік әрекеттердің жалғасуы бүгінде Сирия мәселесімен түйінделіп отыр. Шын мәнінде АҚШ, сионистік режим мен Сауд Арабиясы аймақтағы лаңкестіктің басты демеушілері ретінде Алеппо стратегиялық қаласы азат етіліп, Сирия армиясы лаңкестердің позицияларына қарай айтарлықтай ілгерілеген соң ауыр соққы көрді. Сирия армиясы ілгерілеушіліктерінің әсерлері және лаңкестерді өз позицияларынан шығаруы қазір көбірек сезіледі. АҚШ-тың Сирияға қарсы жуырда сылтау шығарып, ешбір дерек-дәйексіз Дамаскты химиялық қару қолданды деп айыптап, әш-Шаират әуе базасына зымырандық шабуыл жасауына қарамастан,  аймақтық  және халықаралық сахнада Сирияға қатысты өзгерістер жалғасуда.

АҚШ 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Талибан және терроризммен күресуге және әл-Каиданы жоюға уәде беріп, Ауғанстанға шабуыл жасап, үш жылдан кейін Иракқа әскер кіргізді. Алайда, терроризм жойылған жоқ, аймақ пен әлемге қауіпсіздік қайтып келмеді.  ДАИШ жаңа лаңкестік құбылыс ретінде Таяу Шығысты соғыс пен бытыраңқылыққа ұшыратты. Аймақ әлі күнге дейін ауыр түйткілдерге душар болып отыр. Осындай жағдайда АҚШ бұрынғыдай аймақта жаңа авантюристік шаралар жасауды көздейді. Трамптың командасы шын мәнінде АҚШ-тың ішіндегі шайқалған жағдайын нығайту үшін жанжалды қатынас пен даулы шешімдер қабылдау арқылы қоғамдық пікірді АҚШ-тың ойластырылмаған шаралары туралы ойлаудан алшақтатуға күш салуда. ИИР лаңкестікпен күрес туралы айқын ұстанымын қуаттап, АҚШ-тың аймақтағы авантюристік шараларын жіті бақылап, АҚШ-қа текетірес тудыруға мұрсат бермейді. Бұл тақырып сардар Деһқанның Мәскеудегі сөздерінде көңіл аударуға тұрарлықтай анық айтылды. Иранның Қорғаныс министрі тілшілерге: «Дональд Трамп билік басына келгеннен кейін бақылаудан тыс салдардың туындауына себеп болатын шешімдер қабылдануда»,-деді.  Иран Қорғаныс министрінің АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен дау-дамай тудыруына реакциясы қатаң әрі ескерту сипатына ие. АҚШ басшылары аздап өткенге көз жүгірткендері дұрыс. Өйткені, қазіргі таңда  жағдай АҚШ үшін қатты өзгерді. Енді басқа елдерге қоқан-лоққы жасау жолы АҚШ-тың қиындықтарын шешуге көмектеспейді.