Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысы басталды
(last modified Tue, 02 May 2017 10:20:46 GMT )
Maм 02, 2017 16:20 Asia/Almaty
  •  Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің алтыншы отырысы басталды

«Орталық Азия елдері мен Жапония» диалогының алтыншы отырысы бұл елдердің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Ашхабадта өз жұмысын бастады.

РИА-Новости ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Жапония Сыртқы істер министрлері қатысатын аталмыш отырыс Орталық Азия елдері мен Жапонияның аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екі жақты сауда және экономикалық ынтымақтастықтар мен инвестициялық жобалар, сонымен бірге мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықтарды дамытуды қарастырады. Осы салада Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі отырыстың келесі маңызды мәселесін Ауғанстанда қауіпсіздік орнату  және климаттың өзгеруі мен  әлемдегі  табиғи апаттардың артуы деп атады.

Ашхабад «Орталық Азия мен Жапония» диалогын Түркіменстан мен Жапония 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, Жапония үкіметі бұл күннен 13 жылдан кейін ғана  Ашхабадта өз елшілігін ашқан жағдайда қабылдап отыр. Бұған қарамастан Орталық Азия елдері мен Жапония арасындағы келіссөздер осыдан 10 жыл бұрын аймақтық ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында  басталан болатын.

Орталық Азия мен Кавказ республикалары басшыларының ұстанымдарына жасаған шолу бұл елдердің экономикалық жағдайы жақсы елдермен ынтымақтастығын кеңейтуді басты мәселе санайтындығын көрсетті. Негізінде Орталық Азия республикалары ақша мен халықаралық сенімді валютанының тапшылығынан туындаған қиындықтарымен бірге біліксіз басқару, қажет мамандардың жоқтығы, сындарлы бағдарламаның болмауы сынды мәселелермен бетпе-бет келуде. Мұндай жағдайда Орталық Азия республикаларының басшылары мамандарға ие болуымен бірге қажет инвестицияға ие елдермен ынтымақтастық жасауды көздеуде. Жапония бұл елдердің экономикалық жұмыстарын іске қосуға қажет инвестиция мен мамандарға ие  өнеркәсіптік мемлекеттердің бірі саналады. Бірақ Жапония үкіметі әлемнің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық жобаларға қатысу саласында шектеуліктермен кезігуде. Осыған орай Орталық Азия елдері басшылары үшін Жапониямен ынтымақтастық орнату өте маңызды. Алайда жапониялық мамандар экономикалық және инвестициялық мүкміндіктерге ие болғанымен, мәдени тұрғыдан Орталық Азия елдерінің мұсылман халықтары үшін бөгде болып табылады. Осы мәселе аталмыш мемлекеттердің Жапониямен ынтымақтастық орнатуы үшін шектеу қоюда. Орталық Азия республикаларының мәселелерін шекаралас әрі тәуелсіз Иран сынды елдердің көмегімен шешуге болады. Иран салыстырмалы түрдегі экономикалық артықшылықтарға ие болуымен бірге шикізат және кен салаларында қажет мамндарға да ие. Сондықтан аталмыш елдердің  қиындықтарының көбін шеше алады. Сондай-ақ Иранның Жапонияның шектеулеріндей шектеулері жоқ. Сол себепті, Орталық Азия мен Кавказ елдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады.