АҚШ армиясы бас штабының төрағасы жаулап алынған Палестинаға сапар шекті
(last modified Tue, 09 May 2017 16:08:01 GMT )
Maм 09, 2017 22:08 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы бас штабының төрағасы жаулап алынған Палестинаға сапар шекті

АҚШ армиясы бас штабының төрағасы сионистік режимнің саяси және әскери қайраткерлерімен Сирия туралы келіссөз жүргізу үшін жаулап алынған Палестинаға сапар шекті.

Сионистік режимнің армиясы өз мәлімдемесінде: «АҚШ армиясы бас штабының төрағасы Джозеф Данфорд премьер-министр  Беньямин Нетаньяху, Соғыс министрі Авигдор Либерман, сионистік режим армиясы бас штабының басшысы Гади Изенкут және осы режимнің әскери қолбасшыларымен кездесіп, әңгімелеседі» деп мәлімдеді.

Бұл Данфордтың 2015 жылдың қазан айынан қазірге дейінгі жаулап алынған Палестинаға үшінші сапары болып табылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп түрлі жолдармен өзінің сионистік режимді қолдайтынын көрсетпек. Оның жаулап алынған Палестинаға алдағы сапарын осы шеңберде бағалауға болады.

Соңғы айларда АҚШ пен сионистік режимнің ортақ әскери ынтымақтастықтары үшін түрлі әскери келісімшарттар жасау Американың осы соғысқұмар режимді жан-жақты қолдауын күшейтіп отырғанын аңғартады.