Америкалық қару-жарақтар Сирия күрдтерінің қолына жетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның күрд күштеріне ауыр қару-жарақ жіберу туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін сол қару-жарақтардың алғашқы тиелімінің мақсат етілген елге жеткені туралы хабарлар жарияланды.
Al Alam ақпарат агенттігінің Sputnik Arabic ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, жұма күнгі хабарлауы бойынша, бейсенбі күні кешке Сирияның күрд күштерінің қолына америкалық ауыр қару-жарақтар мен брондалған көліктер жеткен.
Сирия күрдтерінің қолына көптеген брондалған Hammer көліктері, мина атқыштар мен өздігінен бағытталатын оқтұмсықтар жетті. Ракка қаласын азат ету үшін пайдаланылатын қару-жарақтар Ирактың Күрдістан аймағынан Сирияға жөнелтілген.
АҚШ-тың демеушілігіне ие «Сирия күрдтері демократиялық партиясының күштері» деп аталатын әскери күштер 2016 жылдың қараша айында Сириядағы Ракка қаласын азат ету мақсатында әскери әрекеттерін бастаған болатын. Бұл қаланы азат етудің жаңа кезеңі 2017 жылдың ақпан айының төрті күні жарияланды.