Maм 14, 2017 07:47 Asia/Almaty
  • АҚШ Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықтарын ұлғайтуға ұмтылыс жасауда

Қазақстандағы АҚШ елшісі: «Америка Қазақстанға инвестиция салуға және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтарды ұлғайтуға мүдделі» деді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол: «Америка Қазақстанға экспортты кеңейтуге ықылас танытады. Нұрсұлтан Назарбаев та екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды күшейтуге әрі жұмыспен қамтуға мүдделік танытуда. Америка Қазақстанның энергия, әсіресе мұнай мен газ саласына қаржы салуға назар аударып отыр. Қазақстанда америкалық саяхатшылардың саны өте аз. Осы мәселені түзету керек. Америкалықтардың көбісі тіпті Астананың жер шарының қай жағында екенін білмейді» деді.

Американың аймақта Ресейдің ықпалын азайту бағытындағы мақсаттарының бірі аймақ елдерін Батыстың әскери- қауіпсіздік байланыстарына енгізу болып табылады. Орталық Азия елдері Американың осы мақсатының басты нысанасы болып отыр.

 

 

Тегтер