Америка Түркия елшісінен Вашингтоннан кетуді сұрады
АҚШ Сенатының Қарулы күштер комитетінің төрағасы Түркия елшісінен Вашингтоннан кетуді сұрады.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, америкалық сенатор әрі АҚШ Сенатының Қарулы күштер комитетінің төрағасы Джон Маккейн кеше бейсенбі күні: "Вашингтондағы Түркия елшісінің резиденциясы алдында орын алған наразылар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығысқа қатысты міндетті түрде дипломатиялық реакция білдіру қажет",- деп мәлімдеді.
Джон Маккейн Түркия елшісінен АҚШ жерінен шығуын талап ету қажеттігін қуаттап, құқықтық шаралардың да қолданылатыны туралы хабарлады.
Бұл қақтығыс сейсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ прездиенті Дональд Трамппен кездесу үшін Ақ Үйге келген кезде орын алды.
Наразылар Режеп Тайып Ердоғанға қарсы ұрандар айтып, Түркия президентінің командасы наразылық білдірушілерді тарқатты. Себебі АҚШ полициясы Түркияның араласу туралы өтінішіне назар аудармады.