Лаңкестіктің қаржылай демеушілері лаңкестіктің қаражат көздерімен күресу қажет деген уәж айтты
АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің кейбір мүшелері лаңкестік топтардың ең маңызды негізін қалаушылар және олардың негізгі қаржы демеушілері болғандықтан, кеше мамырдың жиырма бірі күні Парсы шығанғы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен АҚШ Риядта бірлескен отырыста бас қосып, лаңкестікке қаржылай қолдау көрсетумен күрес орталығын құру туралы меморандумға қол қойды.
Сауд Арабиясының шаһзадасы Мұхаммад бин Наиф бин Абд ал-Азиз Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің өкілі ретінде және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осы елдің өкілі ретінде лаңкестікке қаржылай қолдау көрсетуге қарсы күрес орталығын құру туралы меморандумға қол қойды.
Лаңкестік топтардың саяси күштен кенде және саяси бейберекеттік пен тәртіпсіздік орнаған орталарда пайда болып, кең етек жаятыны күмәнсіз. Соңғы он жылда лаңкестік көбеюі АҚШ пен оның араб одақтастарының Сирия мен Ирактағы саясаттарының салдарынан туындап отыр. Қазіргі жағдайда лаңкестік топтардың негізін қалаушылар лаңкестікпен күресу қажет деген нәтижеге қалай жетті деген сауал туындайды.
Шынтуайтында, лаңкестік пен әсірешілдік әлемдік қатерге айналған. Бұл сұм құбылыс тек Таяу Шығыс аймағымен шектеліп қана қойған жоқ. Сондықтан, лаңкестік АҚШ пен оның еуропалық одақтастары үшін де қауіп саналады. Таяу Шығыстың өзіндегі лаңкестік қауіп-қатеріің өзі тек Ирак және Сириямен шектелмейді. Сондай-ақ Кувейт, Сауд Арабиясы, Йемен, әсіресе Африканың солтүстігіндегі Ливия, Тунис және Мысыр елдері де лаңкестіктңғ қауіп-қатерлерімен бетпе-бет келіп отыр. Сол себепті лаңкестіктің қатерлерімен күресу қажеттігі әлемдік маңызды тақырыпқа айналған.
Бірақ осыған байланысты келесі мәселе – АҚШ-ның лаңкестікті жақсы және жаман деп, екі топқа бөлуінде. Сонымен қоса Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер, әсіресе Сауд Арабиясы лаңкестік топтарға өте шектеулі әрі тар ұғымда анықтама беруде. Басқаша айтқанда, "Джейш әл-Ислам" және "Ахрар аш-Шам" атты АҚШ пен араб елдерінің бақылауында әрекет ететін топтар және Мұхаммад Алуш секілді адамдар лаңкестікпен күресуге қатыспағандарымен қатар осы елдерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Сол себепті, жоғарыда аталған меморандумдағы лаңкестік топтардың қаражат көздерімен күресу барлық лаңкестік топтарды қамтымайды. Ол тек "іріктеулі" түрде жүзеге аспақ әрі бұл меморандум тек жарнамалық айла болып табылады.
Осы орайда туындайтын келесі сауал мынадай: Неліктен АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің мүшелері лаңкестікпен күресу үшін лаңкестік топтардың қаражат көздерімен күресу мәселесіне басымдық беріп отыр? Лаңкестік және әсірешілдікпен күресудегі алғашқы қадам ретінде алдымен сол топтардың қаражат көздерімен күресу идеясы қанша жерден дұрыс болғанымен, басқа жағынан осы шараның қажеттігін қуаттап отырған елдердің өздері лаңкестік топтардың ең маңызды қаржылай демеушілері саналады. Екінші жағынан бұл істі жүзеге асыру да өте маңызды мәселе болып табылады. Лаңкестік топтардың ең маңызды қаражат көздеріне олардың Сирия, Ирак және Ливиядағы кейбір мұнай кен орындарын қол астында ұстауы, тарихи жәдігерлер мен есірткі заттар контрабандасы, үстемдік етіп отырған халықтан салық алу және адам контрабандасын жатқызуға болады. Лаңкестік топтардың мұнайдан түсетін табыстарына кедергі жасау үшін бұл топтардың мұнай кен орындарына үстемдік етуі мен бұл топтардан мұнай және тарихи жәдігерлерді контрабанда жолымен сатып алуды тоқтату керек. Шын мәнінде, лаңкестік топтардың қазіргі жағдайларына байланысты олардың қаражат көздерімен күресу үшін алдымен бұл топтарды бақылап отырған аймақтардан, әсіресе Сирия мен Ирак жерінен шығарып тастау қажет. Алайда АҚШ пен Сауд Арабиясы секілді елдер мұндай шара қолдануға дайын ба? Әрине, жоқ. Себебі, АҚШ пен оның араб одақтастары, әсіресе Сауд Арабиясы Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтардың қызметтерін әлі де қажет етеді.
Сол үшін АҚШ пен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мүшелері арасындағы лаңкестіктің қаражат көздерімен күресуге негізделген меморандумның тек қағаз бетіне жазылып, ешқашан іс жүзінде жүзеге аспайтыны айдан анық.