Шамхани Мәскеуге келді
(last modified Wed, 24 May 2017 00:46:53 GMT )
Maм 24, 2017 06:46 Asia/Almaty
  • Шамхани Мәскеуге келді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы сейсенбі күні жоғары деңгейлі қайраткерлердің 8-ші қауіпсіздік отырысына қатысу үшін Ресей астанасы Мәскеуге келді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Шамханиды әуежайда ИИР-ның Ресейдегі елшісі Мехди Санаи мен ресейлік делегация қарсы алды.

70 елдің жоғары деңгейлі қайраткерлерінің 8-ші қауіпсіздік отырысында баяндама жасайтын Шамхани отырыста аймақтың саяси және экономикалық өзгерістері мен қауіпсіздік жағдайы мен  Иранның лаңкестік құбылысымен күресу үшін жағдай жасау мақсатындағы стратегиялары мен тәжірибелері туралы  баяндама жасайды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы сонымен қатар Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен өтетін аталмыш отырыста осы ел мен басқа да елдердің  қауіпсіздік және қорғаныс саласының қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасатын болады.