Ұлыбританияда қауіптің деңгейі жоғары деп жарияланды
Maм 24, 2017 14:21 Asia/Almaty
Ұлыбритания Премьер-министрі Манчестер қаласындағы дүйсенбі күні орын алған лаңкестік акттен кейін бұл елдегі қауіп-қатер деңгейін жоғары деп жариялады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Тереза Мей сейсенбі күні журналистермен кездесуінде Британиядағы қауіпті дағдарыс деңгейіне жетті деп атап: «Ұлыбританияның негізгі қалаларында әскери күштер қарулы полиция күштеріне лаңкестік қоқан-лоққыға қарсы тұруға көмектеседі»,- деді.
Қауіп-қатер деңгейінің дағдарыс жағдайына көтерілуі жақын арада басқа лаңкестік шабуылдың орын алу ықтималын білдіреді. Британия полициясы күні жарылысты орындаушы ретінде 22 жастағы Салман Абидиды атады. Мәліметтер бойынша, Салман Абиди – Британияда туған тегі ливандық азамат.
Тегтер