Қазақстан мен Ресей зымыран шығарады
(last modified Wed, 24 May 2017 08:31:19 GMT )
Maм 24, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей зымыран шығарады

Қазақстан жақын арада Ресеймен бірігіп, ең жаңа технологияларды пайдаланып, орта санаттағы зымыран жасап шығаруды жоспарлап отыр.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Премьер-министрінің қорғаныс істері жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин сейсенбі күні Қазақстанның зымырандық ынтымақтастығы туралы шешімін жариялап, Байқоңырды реконструкциялау жобасы туралы хабарлады.

Ресей мен Қазақстан ауыр жүк көтеру мүмкіндігіне ие жаңа ғарыш зымыранын шығармақ.

Рогозин сонымен бірге 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған соң Ресейдің ұлттық және халықаралық ғарыш жұмыстарының негізгі орталығы болып қалған Байқоңырдың қазіргі жағдайына тоқталып: «Екі мемлекет жақын арада Байқоңырдың келешегі туралы келіссөздер өткізеді»,- деді. Мәскеу Байқоңырды пайдалануы үшін жыл сайын Қазақстанға 100 миллион доллар төлеп отыр.