Әлемде мұсылмандардың саны көбеюде
Америкалық "PEW" зерттеу орталығының нәтижесі әлемдегі мұсылмандар санының айтарлықтай артқанын көрсетті.
"PEW" зерттеу орталығы әлемдегі ірі діндерді ұстанушылар туралы жүргізген зерттеулерінің нәтижесін жариялады. Соған сәйкес, ислам діні басқа діндермен салыстырғанда жылдам таралып жатыр.
Осы зерттеуге сәйкес, 2010 жылға дейін әлемдегі мұсылмандар саны 1 млрд 599 млн 700 мың адам болып, әлемдегі дін өкілдерінің 23%-ін құраған.
2050 жылға дейін әлемдегі мұсылмандардың саны 2 млрд 761 млн 480 мың адамға артып, әлем тұрғындарының 29 %-ін құрайды деп болжануда.
Осы зерттеудің нәтижелері бойынша, 2050 жылға дейін мұсылмандар саны әлемдегі христиандардың санына жақындай түседі.
"PEW" орталығы зерттеулерінің нәтижесі ислам дінінің 2050 жылы АҚШ-та христиандықтан кейінгі екінші үлкен дін болатынын көрсетеді.