Иранның Байланыс және технология министрі мен Ресейдің Энергетика министрі келісімге қол қойды
(last modified Sun, 04 Jun 2017 13:32:12 GMT )
Маусым 04, 2017 19:32 Asia/Almaty
  • Иранның Байланыс және технология министрі мен Ресейдің Энергетика министрі келісімге қол қойды

Иранның Байланыс және технология министрі мен Ресейдің Энергетика министрі өткен төрт жылдағы екі елдің қарым-қатынастарының кеңеюін маңызды деп бағалап, экономикалық ынтымақтастықтарды дамытуға қатысты бағдарламаларды қарастыруға келісті.

Иранның Байланыс және  технология министрі Мұхаммад Ваези Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық экономикалық форумның аясында Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездесіп: «Алдағы төрт жылда қарым-қатынастар бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда артты. Өйткені, екі елдің басшылары ынтымақтастықтарды дамыту саласында шынайы саяси жігер танытуда. Иран мен Ресейдің қарым-қатынастарындағы ең маңызды мәселе – екі ел арасындағы сенімді арттыру. Осыған орай өткен жылы екі елдің экономикалық байланыстарының мөлшері 70 пайызға артты»,- деді.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак та кездесуде екі елдің қарым-қатынастарын алға ілгерілеуде деп бағалап: «Екі ел қарым-қатынастары дамуының қазіргі үдерісі сақталып, әрі одан сайын артып, Теһран мен Мәскеу солардың нәтижелерінен пайда көреді»,- деген үміт білдірді.

Иранның Байланыс және  технология министрі мен Ресейдің Энергетика министрінің кездесуінде сондай-ақ өнеркәсіптік бес жылдық ынтымақтастық бағдарламасы, мұнай мен газға қатысты мәселелер, ресейлік мұнай компанияларының Ирандағы жұмысы, Бандар-Аббаста жылу электр станциясының құрылысы, Керманшах-Инчебрун темір жол желісін электрлендіру және электр қуаты транзитіне қатысты Иран-Ресей-Армения-Грузия төртжақты жобасы талқыланды.