Маусым 09, 2017 17:14 Asia/Almaty
  • Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан президенттері Руханиге көңіл айтты

Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан басшылары Руханиге жолдаған жеке-жеке хаттарында Теһрандағы лаңкестік шабуылдар салдарынан көптеген азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, лаңкестік әрекеттерді айыптады.

Қазақстан президенті Баспасөз қызметінің бейсенбі күні жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың Хасан Руханиге жолдаған жеделхатында: "Ислам кеңесінің мәжілісі ғимараты мен Иранның бұрынғы жетекшісінің кесенесінің аумағында орын алған лаңкестік шабуылдардың салдарынан көптеген Иран азаматтарының қаза болып, жарақаттанғаны туралы хабарды қасіретпен қабылдадық. Өзімнің және Қазақстан халқының атынан лаңкестік шабуылдар құрбандарының отбасылары мен туыстарының қайғыларына ортақтастық білдіреміз",- деп жазылды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Иран президенті Хасан Руханиге жолдаған хатында сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдарды айыптап, Иран үкіметі мен халқына, әсіресе лаңкестік әрекет құрбандарының туыстарына көңіл айтты.

Түркіменстан президенті Құрбаноғлы Бердімұхамедов бейсенбі күні ИИР президенті Хасан Руханиге жолдаған хатында Теһрандағы лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айтып, адамгершілікке жатпайтын оқиғаны айыптады.

 

Тегтер