АҚШ үкіметінің көптеген әрекеттері "Ортақ қадам" бағдарламасына қайшы
https://itolqyn.com/news/world-i27954
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын қадағалау штабының басшысы Арақчи: "Өткен бір жарым жыл ішіндегі АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтерінің көптеген әрекеттері бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырудағы міндеттемелеріне қайшы келеді",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 12, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметінің көптеген әрекеттері

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын қадағалау штабының басшысы Арақчи: "Өткен бір жарым жыл ішіндегі АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтерінің көптеген әрекеттері бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырудағы міндеттемелеріне қайшы келеді",- деп мәлімдеді.

АҚШ Сенаты келіссөздер өткізгеннен кейін ағымдағы айдың сегізі күні Иранға қарсы жаңа санкцияларды салуға дауыс берді. Бұл жоба Өкілдер палатасы тарапынан бекітіліп, АҚШ президенті оған қол қоятын болса,  ИИР-на қарсы жаңа санкциялар салынады.

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын қадағалау штабының басшысы Аббас Арақчи жексенбі күні: ""Ортақ қадам" бағдарламасының 26-29 баптарына сәйкес, АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасын ізгі ниетпен және сындарлы кеңістікте жүзеге асырып, бұл бағдарламаның табысты іске асуына ықпал ететін кез келген әрекет жасаудан бас тартуы керек.

Егер АҚШ Сенатының Иранға қарсы жаңа санкция салу туралы жоспары бекітілетін болса, АҚШ міндеттемелеріне қарсы ол "Ортақ қадам" бағдарламасы негізінде бағаланып, Иран бұл өзгерістерді жақыннан бақылап отырады",- деді.