Ресей Астана келіссөздерінің жаңа кезеңін өткізетін күнді жариялады
(last modified Mon, 12 Jun 2017 09:57:38 GMT )
Маусым 12, 2017 15:57 Asia/Almaty
  • Ресей Астана келіссөздерінің жаңа кезеңін өткізетін күнді жариялады

Ресей президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі: "Сирия мәселесіне қатысты Астана келіссөздерінің жаңа кезеңі 2017 жылы маусымның жиырмасы күні өткізіледі",- деп мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі Михаил Богданов сенбі күні: "Келіссөздерге қатысушы делегациялардың дайындалуына көбірек мүмкіндік беру үшін Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі кейінге қалдырылған еді",- деді.

Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы Қазақстанның елордасы Астанада екі күндік келіссөздер бүгін дүйсенбі күні басталуы тиіс болған.

Бүгінге дейін Сирия үкіметі делегациясы, наразылық топ пен бейбітшілікке кепіл болатын Иран, Ресей және Түркия елдері Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің төрт кезеңі өткізілген болатын.

Келіссөздердің төртінші кезеңінің нәтижесі ретінде Сирияда қауіпсіз және шиеленіс азайған аймақтарында тұрақтылық орнату үшін келісімге қол қойылғанын айтуға болады.