Мәскеу Американың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қатысты ескерту жасады
Америка Сенатында Ресейге қарсы жаңа санкциялардың бекітілуімен Кремль сол әрекеттің салдарлары туралы Вашингтонға ескерту жасады.
Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков «Америкалық сенаторлардың Ресейге Американың 2016 жылғы президенттік сайлауының бәсекелестігіне араласты деген айыппен санкция салуы қарымта санкциялардың күшейтілу мүмкіндігін қалыптастырды. Алайда, бұл Мәскеудің таңдауы болған жоқ» деді.
Америкалық сенаторлар бекіткен жаңа заңға сәйкес, Америка президенті Дональд Трамп Мәскеуге қысымды азайта алмайтын болды. Олар Мәскеуді 2016 жылғы президент сайлауында Америка жайлы қате мәлімет ұсыну үшін талпыныс жасады деп айыптайды.
Мұнымен бірге Вашингтон 2014 жылдан бері Ресейді Украинаның істеріне араласуда деген айыппен Ресейге қарсы экономика және қаржы саласында санкциялар салды.