Маусым 18, 2017 15:24 Asia/Almaty
  • Ауған әскериі төрт америкалық әскериді өлтірді

Бір ауған әскериі төрт америкалық әскериге оқ жаудырып, өлтірді.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ауғанстан әскерінің ақпарат өкілі сенбі күні: "Бір ауған әскериі елдің солтүстігінде орналасқан Балх облысындағы әскери базада америкалық әскерилер тобына оқ жаудырып, төрт әскериді өлтірді",- деп мәлімдеді.

АҚШ-тың Кабулдағы әскери қолбасшылығы бұл жайтты растап отыр.

Бұл ашулы ауған күштері америкалық әскерилерге оқ жаудырған алғашқы жайт емес.

Өткен сенбі күні де Ауғанстанның шығысындағы Нангархар облысының Ачин қаласында бір ауған әскериі үш америкалық әскериге оқ атып, оларды өлтірген болатын.

Бүгінгі күнге дейін ашулы ауған әскерилерінің шабуылы салдарынан көптеген америкалық әскерилер қаза болуда.

Қазіргі таңда Ауғанстанда шамамен 10 мыңға жуық америкалық әскери бар.

 

Тегтер