Тиллерсонның сөздері – халықаралық құқықтарды әшкере түрде бұзу
(last modified Tue, 20 Jun 2017 09:53:04 GMT )
Маусым 20, 2017 15:53 Asia/Almaty
  • Тиллерсонның сөздері – халықаралық құқықтарды әшкере түрде бұзу

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру БҰҰ-ның Бас хатшысына жолдаған хатында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөздерін халықаралық құқықтардың негіздеріне қайшы және 1981 жылғы Алжир келісімі мен АҚШ-тың басқа міндеттемелерін бұзатын араласушылық деп атады.

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон елінің Сенатында сөйлеген сөзінің бір бөлімінде: «АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты Иран билігінің бейбіт түрде ауысуына себеп болатын бұл елдің ішіндегі күштерді қолдау болып табылады. Біз мұндай күштердің бар екенін нақты білеміз»,- деген болатын.

Расында бұл сөздер Хошрудың БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында жазылғандай «Халықаралық құқықтардың барлық  негіздері мен БҰҰ-ның Жарғысына қайшы әшкере әрі арсыз араласушылық» болып табылады.

Хатта назар аударылған келесі мәселе Тиллерсонның уәждерінің АҚШ Орталық Барлау басқармасының тізімінен шығарылған құжаттың жарық көруімен тұспа-тұс келуі болды. Аталмыш құжат америкалық ұйымдардың Иранның халық сайлаған премьер-министрі Мұхаммад Мұсаддеқ үкіметін 1953 жылдың тамыз айында құлатуына қатысты жаңа мәліметтерге толы.

Хаттың жіберілуімен бір мезгілде Ирандағы АҚШ-ның мүддесін қорғайтын Теһрандағы Швейцария елшілігіндегі сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, ИИР наразылық білдіріп, АҚШ үкіметіне өзінің ресми нотасын жариялады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзіне бірнеше себеп бойынша назар аударылды.  

Халықаралық қарым-қатынастар маманы Маһди Мотахарнио Тиллерсонның уәждері туралы ИРНА-ға берген сұхбатында: «Тиллерсон  - АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшылығын өз міндетіне алған, дипломатиямен таныс емес бизнесмен. Бірақ, қалай болғанда да, ол жаңа консерваторлардың Иранға қарсы  ойларын көрсетуші»,- деді.

АҚШ 11-ші қыркүйек туралы есебінде бұл оқиғаға қатысты айыпталған 19 адамның 15-нің Сауд Арабиясының азаматтары болғанын, олардың АҚШ пен Сауд Арабиясының «ортақ өнімі» – «әл-Қаидаға» қатысты болғанын мойындаған жағдайда Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп таныстыруда. АҚШ сондай-ақ Иранды демокртаиялық емес жүйе деп атады. Шын мәнінде, Ирандағы сайлаулар көптеген мемлекеттерде, тіпті АҚШ-тың өзінде өтетін сайлаулардан айқынырақ өтеді. Ирандағы соңғы сайлау демократиялық негіздерге сай өтіп, оған 40 миллион адам қатысты. Ал АҚШ мадақтайтын Сауд Арабиясында халықты қолдайтын ешбір демократиялық орган жоқ. Сауд Арабиясындағы билік мұрагерлік жолмен ауысады. Сондықтан билікке халықтың бір өкілі де қатыспайды. Осыған орай Тиллерсонның сөзін сараптап, ол Иранды танымайды әрі Сауд Арабиясының болмысынан да хабарсыз деп айтуға болады.

Алайда АҚШ басшылары Иранның Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 40 жылда Ислам респбуликасының өз күш-қуатына сүйеніп қарсы тұрғаны мен дұшпандардың Иран халқына соққы бере алмайтындығына үйренген болар. Өйткені, Иран халқы оларға жауап  қайтарады.

Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи қасиетті кесенелерді және шекараларды қорғауда шәһид болған азаматтардың отбасыларымен кездесуінде АҚШ басшыларының бұл сөздерін асыра сілтеушілік деп атап: «АҚШ басшыларының бұрын да, бүгін де Иранға соққы беру үшін істемеген істері қалмады. Бірақ, Иран халқына қарсы шабуыл жасаған әркім шабуылының өзіне зиян келтіретіндігі туралы білгені жөн»,- деді.