АҚШ басшыларының Иранға қарсы уәждері жалғасуда
Маусым 25, 2017 13:54 Asia/Almaty
АҚШ-тың Орталық Барлау ұйымы бұл ел басшыларының Иранға қарсы уәждерінің жалғасында: "Иран – әлемдегі ең ірі лаңкестікті қолдаушы ел",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео сенбі күні: " Иран АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін қауіп төндіреді",- деген уәж айтты.
Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп пен АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райан: "ИИР лаңкестікке қолдау көрсетеді",- деп мәлімдеді.
Американың лауазымды тұлғаларының ИИР-ға қарсы уәждері АҚШ пен оның батыс және араб серіктестерінің лаңкестік топтардың құрылуы және әлемнің жер-жерінде, әсіресе Таяу Шығыс аймағында лаңкестіктің таралуына себеп саналатын жағдайында айтылып отыр.
Тегтер