АҚШ сенаторлары ресейлік компанияның бағдарламаларына тыйым салу үшін талпыныс жасауда
(last modified Thu, 29 Jun 2017 09:37:06 GMT )
Маусым 29, 2017 15:37 Asia/Almaty
  • АҚШ сенаторлары ресейлік компанияның бағдарламаларына тыйым салу үшін талпыныс жасауда

Америкалық сенаторлар АҚШ әскерінде Ресей компаниясының бағдарламаларын пайдалануға тыйым салуды сұрады.

Бірнеше АҚШ сенаторы бұл елдің әскерінде ресейлік Kaspersky киберлік қауіпсіздік жүйелерін әзірлейтін компанияның өнімдерін пайдалануға тыйым салуға талпыныс жасауда.

Бұл талпыныстар АҚШ Федералды полициясының (FBI) осы аптада АҚШ-тағы Kaspersky компаниясының бірнеше қызметкеріне күмән тудырғаннан кейін орын алды.

Kaspersky компаниясы өз кезегінде мәлімдеме жариялап, онда Федералды полиция қызметкерлерінің осы компанияның бірнеше жұмысшысымен сұхбаттасқаны туралы мәліметті растаған болатын.

Қорғаныстық бюджет саясаты туралы заң жобасы сәрсенбі күні АҚШ Сенаты Қарулы күштерінің комитеті тарапынан бекітілген болатын.

Қорғаныстық бюджет саясаты туралы бұл заң жобасына сәйкес, АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) киберлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуші Kaspersky компаниясының Ресей үкіметінің ықпалына қарсы осалдығына байланысты бұл компанияның бағдарламасын пайдалануға тыйым салынды.

Бұл заң жобасы алдымен АҚШ Конгресінің Сенаты мен Өкілдер палатасы бекіткеннен кейін, ел президенті Дональд Трамп қол қойған соң заңға айналады.

АҚШ Қауіпсіздік органдарының басшылары 2017 жылдың мамыр айында Сенаттың Барлау жөніндегі комитетінің отырысында Үкіметтің Kaspersky компаниясының өнімдерін пайдалану туралы мәселесін қарастырып жатқаны туралы хабарлаған болатын.