Режимді өзгерту – америкалықтардың жеңілген саясаты
(last modified Mon, 03 Jul 2017 12:51:07 GMT )
Шіл 03, 2017 18:51 Asia/Almaty
  • Режимді өзгерту – америкалықтардың жеңілген саясаты

Соңғы апталарда АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы басшылары әртүрлі жолдармен Ирандағы режимді өзгерту мен ислам республикасы жүйесін биліктен тайдыру мәселесін көтерді. Америкалық саясаткерлерден тұратын бұл топ АҚШ президенті Дональд Трамптан Иранда бүлдіргі әрекеттерді күшейту үшін шара қолданып, режимді өзгерту үдерісін тездетуді сұрады.

Бұл ұстанымдар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның жуырдағы сөздерінен кейін күшейе түсті.Ол біраз уақыт бұрын Иранның ішкі істеріне араласушылық сипаттағы сөздерінде: "Вашингтонның саясаты Иранда биліктің бейбіт түрде ауысуын қолдау болып табылады",- деді. Бұл сөздердің жалғасында АҚШ-тың басқа да лауазымды тұлғалары Парижде өткен "Монафеқин" лаңкестік тобының отырысын сылтауратып, Ирандағы саяси жүйені биліктен кетіруді талап етті.

Америкалықтардың Ирандағы үкімет пен режимді өзгерту туралы мәселе көтеруінің алғашқы жайты емес. Олар 64 жыл бұрын болған төңкеріс кезінде Иранның премьер-министрі Мохаммад Мосаддеқтың заңды үкіметін биліктен тайдырып, Иран халқына 25 жылдық диктатураны орнатқан еді. Шамамен 40 жыл бұрын және осы кезге дейін АҚШ үкіметтері Ирандағы ислам республикасы жүйесін биліктен құлату үшін түрлі жолдар мен тәсілдерді сынап көрді. Енді осы мақсатта өз бағын сынап көру кезегі Дональд Трампқа жетті.

Сарапшылардың ішінде Brookings зерттеу институтының белді сарапшыларының бірі, ирандықтардың көзқарасымен бағыттас көзқарасқа ие Сьюзэн Малони Ирандағы режимді өзгерту саясатының қателік екенін баса айтып: "Ирандағы режимді өзгерту деген қателік. Мұның хабарсыздыққа негізделген стратегия екені айдан анық. Ирандағы режимді биліктен құлатуға біздің шамамыз жетпейді. Барша, әсіресе Иранның басшылары мұны жақсы түсініп отыр. Бұл саясаттың нәтижеге жетпейтіні анық. Режимді өзгертуді қолдау АҚШ мүдделері үшін сындарсыз шара саналады",- деп жазды.

Сонымен қатар, Трамптың былтыр сайлау науқаны кезінде бұрынғы үкіметтердің режимді өзгерту саясатын әшкере түрде сәтсіздікке ұшыраған саясат деп атап, бұл мәселені жайына қалдыруын сұрағанын ұмытпаған жөн. Ол сол кезде Ирак пен Ливиядағы режимді өзгерту жоспары Азияның батысы мен Африканың солтүстігінде жантүршігерлік апаттарға соқтырып, АҚШ үшін 3 триллион доллардан астам шығын келтіргенін айтты. Режимді өзгертуді теріске шығару тақырыбы Трамптың басқа да көптеген сайлауалды сөздері секілді ол Ақ үйге билікке келген сәттен бастап ұмытылып кетті.

Қазіргі таңда америкалық лауазымды тұлғалар тек Иран жайлы ғана емес, сондай-ақ Сирия режимін өзгертуді де көздеп отыр. Азияның батыс аймағы қазіргі жағдайда Иракта, Йемен мен Ливиядағы режимді өзгерту саясатының отына оранып отыр. Ирак пен осы елдің бұрынғы диктаторы Саддамды биліктен тайдыру жоспары америкалықтар тарапынан жүзеге асып, сәтсіздікке ұшыраған саясаттың айқын мысалы саналады.

Иракта 4000-нан астам америкалық сарбаздың қаза болуы мен бірнеше мыңдаған ирактықтың қаза болуы Иракта режимді өзгерту саясаты мен үкімет құру үдерісінің өтемі болды.

Соңғы онжылдықтар ішіндегі әлемдегі саяси-қауіпсіздік саласындағы өзгерістер халықтардың хабардарлығының артуы мен алып державалардың ықпалының азаюы нәтижесінде режимді өзгерту үдерісі күнен-күнге қиындап, оның шығынының артып бара жатқаны байқалып отыр.