Зариф Трампқа ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i29072
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ауқымды түрде бұзатын болса, Иран бұл келісімнен шығады»,-деп ескерту жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 18, 2017 17:36 Asia/Almaty
  • Зариф Трампқа ескерту жасады

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президентіне: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ауқымды түрде бұзатын болса, Иран бұл келісімнен шығады»,-деп ескерту жасады.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні «National Interest» атты америкалық басылымға берген сұхбатында Вашингтонның ядролық келісімді үсті-үстіне бұзуы туралы сұраққа жауабында: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тиімсіз ететін уәде бұзушылықтар орын алса, Иран ядролық келісімнен шығады.

Иран осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген жолды жүріп өтті. Яғни, Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары саласында шара ойластырылып жатқанына сенімді болу үшін осы келісімнің комиссиясына жүгінді»,-деп мәлімдеді.

Иран мен «алтылық» елдерінің (Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, АҚШ және Германия) ядролық келісімі 2016 жылдың шілде айынан бастап орындалуда. Алайда АҚШ үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде әрдайым аталмыш келісімді бұзып келеді.